Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері зейнеткерлерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді

Жетісу облысының полицейлері зейнеткерлерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері азаматтар мен зейнеткерлерге дербес деректерді қорғаудың және интернет-алаяқтықтардың алдын алудың маңыздылығына арналған кеңес өткізді.

Кездесуде қазіргі заманғы технологияларды жетік білмейтін қарт адамдарға ерекше назар аударылды. Цифрлық қызметтердің қарқынды дамуы жағдайында зейнеткерлер азаматтардың ерекше осал санатына айналады. Өйткені олар көбінесе интернетті қауіпсіз пайдалану үшін жеткілікті тәжірибе мен білімге ие болмайды. Бұл оларды жеке деректер мен қаржыны ұрлау үшін барған сайын күрделі схемаларды қолданатын алаяқтар үшін оңай нысанаға айналдырадыІс-шара барысында қарт адамдарға қалай алаяқтардың құрбаны болмау керектігін және жеке деректерін үшінші тұлғаларға, әсіресе интернетте неге үзілді-кесілді беруге болмайтынын түсіндірді. Полицейлер сонымен қатар алаяқтардың адамдарды алдау үшін қолданатын негізгі әдістерін көрсетті және жеке ақпаратты қорғау бойынша практикалық кеңестер берді.

Бастама алаяқтықтың заманауи әдістері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға және цифрлық кеңістіктегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары әсіресе интернет-қылмыстар саны өсе бастаған кезде өзекті болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру