Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полиция қызметкері “Күміс алқа” иегері атанды

“Күміс алқа” орденімен алты баланың анасы, Талдықорған қаласының полиция қызметкері Дина Сатыбалдина марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың ең үлкені – 16 жаста, ал ең кішісі – Адия жақында 2 жасқа толады. Батыр ана мәртебесіне ие болған полицей бірде-бір рет бала күтіміне байланысты еңбек демалысында толық болмаған.


Дина ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Өз қызметін Ақсу ауданының полициясында бастады. Ол сондай-ақ штабта, тергеу бөлімшесінде жұмыс істеді және қазір Талдықорған қалалық полициясының ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы болып қызмет атқарады.

– Менің өмірімде күйеуім мен балаларымның қолдауы үлкен рөл атқарады. Әрине, өмірде жұмысқа байланысты қиын сәттер кездеседі. Бірақ мен үйге келгенде барлық мәселелерді сыртта қалдырамын. Өйткені, мен сүйіктімнің жан-жарымын, ал балапандарымның анасымын, – деді Дина Сатыбалдина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру