Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының студенттеріне есірткіге қарсы тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды

Жетісу облысының Көксу колледжінде студенттерге арналған есірткіге қарсы тәрбиелік кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Жетісу облысында нашақорлықтың алдын алу бағытында ауқымды іс-шаралар жалғасуда. Соның бірі — Көксу ауыл шаруашылығы колледжінде өткен тәрбиелік кездесу. Шараға Жетісу облысының есірткіге қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтына ынталандыру. Кездесу барысында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы жастарға есірткі қолдану мен таратудың заң алдындағы жауапкершілігі және оның адам денсаулығына тигізер зияны жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Кеңес мүшесі, "Қос қанат Жетісу" қоғамдық ұйымының психологы "Өмір құндылықтарын сақта" атты интерактивті тренинг өткізіп, студенттерді есірткіге тәуелділіктің жеке өмір мен болашаққа қалай кері әсер ететінін тереңірек ұғынуға жетеледі. Тренинг барысында қатысушылар виртуалды тәжірибе арқылы зиянды әдеттерден келетін нақты қауіптермен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру