Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының тұрғыны үйінде марихуана өсірген

Полицейлер прокуратураның үйлестіруімен марихуананы заңсыз өсірді деген күдікпен Сарқан қаласының 48 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жеке тұрғын үй учаскесінде 14 түп есірткі өсімдігін тамырымен жұлып тастады. Оларды өсіру және дұрыс күтім жасау фактісі үй иесінің айғақтарымен расталды.

– Ер адам еш жерде жұмыс істемейді және бұрын құқық қорғау органдарының назарына түспеген. Ұсталған адам өз-өзін ақтау үшін марихуана өсіргенін түсіндірді. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру