Жетісу облысының тұрғыны үйінде марихуана өсірген
Жетісу облысының тұрғыны үйінде марихуана өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Панфилов ауданының полиция қызметкерлері «Қарасора – 2023» профилактикалық іс-шарасы аясында Жаркент қаласының 56 жастағы тұрғынын ұстады.
Ер адам құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген. Ұсталған адамның жеке тұрғын үй учаскесінен 24 марихуананың бұтасы табылған.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Панфилов ауданының полиция бөлімі.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.