Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу өңірінде есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Жетісу облысы аумағында есірткі құрамдас өсімдіктердің табиғи ошақтарын анықтау және жою мақсатында кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара — "Қарасора" операциясы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Операция барысында 111 есірткі қылмысы әшкереленіп, жалпы салмағы 659 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 216 келіден астам марихуана, 10 келі гашиш, 700 грамм синтетикалық есірткі және 431 келі жабайы сора бар.

Барлығы 57 адам ұсталып, екі бақылаудағы жеткізу іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде 35 келі есірткі заты тәркіленді.

Сонымен қатар электронды темекілерді заңсыз таратумен айналысқан топтың қызметі тоқтатылып, 275 вейп тәркіленді.

150-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, есірткі бизнесінде пайдаланылған 1300-ден астам интернет-ресурс пен 500 банк шоты анықталып, бұғатталды.

Полиция қызметкерлері 14 рейд өткізіп, есірткіні насихаттайтын 47 граффити-жазбаны жойды.

Жетісу облысының полициясы жастар арасында есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізер зияны, сондай-ақ оны таратқаны немесе тұтынғаны үшін қарастырылған заңды жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру