Жетісу ПД-ның мұражайында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізілді
Жетісу облысы полиция департаментінің мұражайында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісудың аты аңызға айналған генералы – милиция генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбековке арналған бұл мұражай оның өңір тарихына қосқан зор үлесін еске алады.
Мұражай экспозициясында сирек кездесетін экспонаттар бар: Ұлы Отан соғысы мен милитаристік Жапониямен соғыстың батыры Әбдіқадыр Болсамбековтың салтанатты формасы, жауынгерлік наградалары мен жеке заттары. Мұражай 1917 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі өңірдің құқық қорғау жүйесін дамытудың негізгі кезеңдерін көрсететін бірнеше залдардан тұрады.
Экспозицияда еске алу және ұрпақтар сабақтастығы тақырыбы ерекше орын алады. Экскурсия жас қонақтарға өз өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған адамдардың ерлігі мен қызметке деген жанқиярлығы туралы білуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында балалар Мадина Болсамбековаға қызықты оқиғалары мен тарихи мұраны сақтауға қосып жатқан үлесі үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Оқушылар мұндай экскурсиялар әр түрлі замандардың байланысын жақсы түсінуге, тарихқа деген құрметті қалыптастыруға және жаңа жетістіктерге шабыттандыруға көмектесетінін атап өтті.