Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейі ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің медалімен марапатталды

Жетісу полицейі ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған ҚПБ патрульдік полиция ротасының қызметкері Данияр Базарбаев Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің бұйрығымен адам өмірін құтқарып, өртте көрсеткен қайсарлығы үшін медальмен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 2 қазанына қараған түні Талдықорған аудандарының бірін патрульдеу кезінде «Бүркіт-164» экипаж қызметкерлері облыс орталығының Сырттанов көшесіндегі Жанна дүкенінің өртеніп жатқанын байқаған. Сауда орны көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Патрульдік полиция қызметкерлері дереу өртке қарсы қызметке хабарласып, үй тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастырды.

Бірінші қабаттың терезелері торланған, есіктері жабық болып шықты. Тәртіп сақшылары шатырға шығып, терезе арқылы екінші қабаттағы пәтерге кіруге мәжбүр болды, онда қарт адам мен жас қыз болған. Екеуі де тез арада эвакуацияланды. Пәтерде сондай-ақ екі газ баллоны болған, полицейлер жарылыстың алдын алу үшін оларды жалынға оранған үйден алып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру