Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері әмбебап жекпе-жектен республикалық жарыста жүлделі орындарға ие болды

Жетісу полицейлері әмбебап жекпе-жектен республикалық жарыста жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада қазақтың қос батыры – Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай әмбебап жекпе-жектен ел чемпионаты өтті.

Біздің өңірден 95 келі салмақ дәрежесінде ПД ЖҚАЖ ротасының командирі Мақсат Оңалбаев, ал 95+ келі салмақ дәрежесінде ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Мәди Досмұхаметов шықты. Екі спортшы да қиын күресте табандылық танытып, 3-орынға ие болды.

Жарысқа еліміздің 13 облысы мен 3 қаласынан 200-ден астам спортшы қатысты. Жеңістің арқасында біздің спортшылар ел құрамасына кіріп, ағымдағы жылдың қазан айында Сочи қаласында өтетін әлем чемпионатында қатысуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру