Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері балалар лагерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді

Жетісу облысының полицейлері жазғы лагерде демалушы балалар арасында профилактикалық іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактика — нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімді әдістерінің бірі.

– Полиция департаментінің басшылығы тұрақты профилактикалық іс-шараларды жүргізе отырып, осы бағытқа ерекше көңіл бөледі, — деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Жетісу облысында 13 жазғы балалар лагері жұмыс істейді. Маусым айынан бастап бұл лагерлерде демалушы балалар арасында профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың 1 тамызында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Офлайн демалыс» жазғы лагерінде (Текелі қ.) облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері білім басқармасымен бірлесіп, «Қос Қанат» үкіметтік емес ұйым өкілінің және облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігерінің қатысуымен түрлі конкурстар, спорттық эстафеталар, сондай-ақ зияткерлік және квест ойындарын өткізді.

Кездесу барысында есірткі сатуға қатысқаны, интернет-дүкендерді жүргізгені, есірткі салғаны және есірткінің заңсыз айналымына байланысты басқа да құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.

Іс-шараға барлығы 80 бала қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру