Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері ІІО ардагерінің үйіне барып, бақшасын арамшөптен тазартуға көмектесті

Жетісу облысы ПД қызметкерлері ІІО ардагерінің үйіне барып,  бақшасын арамшөптен тазартуға көмектесіп қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының тәртіп сақшылары көп жылдар бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған, қазір зейнетке шыққан Сапарғали Жаналиевтің үйіне барып қайтты. Полицейлер зейнеткерге әлеуметтік-тұрмыстық салада, аумақты тазалауға және өзге де көмектерін аянбады.

Өз кезегінде ІІО ардагері бүгінгі таңда азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауда тұрған полицейлердің қазіргі буынына алғысын білдірді, сондай-ақ тәртіп сақшыларына көрсеткен назары үшін алғыс айтып, өз батасын берді.

– Сіздің ІІО-да жасаған еңбегіңіз, қосқан үлесіңіз, баға жетпес тәжірибеңіз үшін алғыс айтамыз, сондықтан сізге алғыс айту біздің міндетіміз. Сізге ұзақ өмір тілейміз, – деп алғысын білдірді ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Рауан Шалбаев.

Облыс полицейлері атап өткендей, қайырымдылық көмек көрсету жақсы дәстүрге, мейірімділік пен адамгершіліктің көрінісіне айналды. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру