Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері коммуналдық қызметтердің қыс мезгіліне дайындығын тексерді

Жетісу полицейлері коммуналдық қызметтердің қыс мезгіліне дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД-нің бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов өңір басшысы Бейбіт Исабаевпен бірге жол және коммуналдық ұйымдардың автомобиль жолдарын ұстауға дайындығына комиссиялық тексеру жүргізді. Материалдық-техникалық базаның, арнайы техниканың жасақталуы мен жай-күйіне, сондай-ақ автожолдарды себуге арналған инертті материалдың болуына ерекше назар аударылды.

– Қысқы кезеңде жол төсеміне қызмет көрсету жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Барлық арнайы техниканы және оның қарлы жолдарды тазартуға дайындығын алдын-ала тексеру қажет. Жақын арада жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның күтілуіне байланысты, жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді ауыстырып, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз, – деп атап өтті ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

Өңірде автожолдарға қысқа қажетті 436 бірлік арнайы техника, сондай-ақ 17 мың тоннадан астам құм және 1500 тоннаға жуық тұз дайындалғаны нақтыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру