Жетісу полицейлері мұғалімдерге есірткінің зияны туралы сабақ өткізді
Жетісу полицейлері мұғалімдерге есірткінің зияны туралы сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 мамыр күні Оқушылар сарайында өңірдің ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері білім басқармасымен бірлесіп облыстың мұғалімдер қауымы үшін «Синтетикалық есірткіні қолданудың бастапқы белгілерін анықтау, сондай-ақ тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі шаралар» тақырыбында оқыту семинар-тренингін ұйымдастырды.
Іс-шара «Нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған «Есірткіге қарсы айлық» аясында өткізілуде. Іс-шараға Талдықорған ҚПБ жергілікті полиция қызметкерлері, облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы, «Қос қанат» үкіметтік емес ұйым психологы қатысты. Семинарда 270 педагог болды.
– Педагогтарға осы санаттағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кәмелетке толмағандарды тарта алатын жауапкершілік туралы, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға әкеп соғатын жас организм үшін қайтарымсыз салдарлар туралы айтылды. Сондай-ақ қатысушыларға профилактикалық фильмдер көрсетіліп, есірткіге қарсы мазмұндағы парақшалар таратылды, – деп атап өтті ПД Есірткі қылмысына қарыс іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Меруерт Искакова.
Кездесу соңында мұғалімдер өз ойларын, идеяларын белсенді түрде білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ есірткіні қолдану мен таратуға байланысты түрлі жағдайларды талдауға қатысты.