Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері нашақорлыққа қарсы ұранымен үстел ойындарынан турнир ұйымдастырды

Жетісу облысының полицейлері нашақорлыққа қарсы ұранымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел ойындарынан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасымен бірлесіп «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат және ұлттық үстел ойындары турнирін өткізуге бастамашы болды.

– Осындай турнирлерге қатыса отырып, әркім өз әлеуетін ашып, жарыстың қандай да бір түрінде өз дағдыларын көрсете алады. Ең алдымен бұл оларға қажетті қарым-қатынас. Біз бәрін жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырыстық, – дейді ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген 30-ға жуық адам қатысты. Турнир үстел ойындарының бірнеше түрінен өтті. Әрқайсысының өз жеңімпазы анықталды.

– Жарысқа жастар да қатысты, бұл бізді қатты қуантты. Өйткені мұндай
іс-шаралардың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға шақыру, жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Турнир тек іріктеу ғана емес, сонымен қатар «ерекше» жандармен дене шынықтыру – бұқаралық жұмысын ұйымдастыру. Үстел ойындары мүмкіндігі шектеулі жандарды моральдық оңалту құралы ретінде насихаттау мақсатында өткізіледі, – деп толықтырды М. Искакова.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды. Үздіктер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру