Жетісу полицейлері қыздар арасында волейболдан турнир ұйымдастырды
Жетісу полицейлері «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейболдан турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісудың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасымен бірлесіп, «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен қыздар командалары арасында волейболдан турнир ұйымдастырды.
Бұл жолы облыстық турнир Ескелді ауданында 2010-2011 жылы туған қыздар арасында өтті, оған 14 команда қатысты.
– Жарысқа 160-қа жуық қыз қатысты. Біздің міндетіміз жастарды спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікке баулу, себебі дені сау жастар ең алдымен еліміздің салауатты болашағы, – дейді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ.
Тәртіп сақшылары осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Бұл қатысушылар мен командалар арасындағы достық байланысты нығайтуға ықпал етеді. Мұндай турнирлердің басты мақсаты – жастардың назарын қазіргі заманда дені сау болу сәнді және беделді екендігіне аудару.