Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды

Жетісу полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілде сағат 01:50-де полицияның кезекші бөліміне белгісіз адам көп қабатты үйдің алдындағы автотұрақта тұрған Mercedes автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған автокөлік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын дереу бастады. Өткізілген іс-шаралар барысында көлік Талдықорған – Текелі тас жолында табылып, тоқтатылды.

Ұрланған көлікті 23 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, әрі қарай тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталған адамға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылады.

Полиция қырағы азаматтарға қылмыс туралы жедел хабарлағаны үшін және патрульдік полицейлердің қылмыскерді ұстауға және ұрланған көлікті иесіне қайтаруға үшін жылдам әрі үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдіреді.

Полиция азаматтарды жедел әрекет ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін көлік құралдарына қатысты кез келген күдікті әрекеттер туралы мұқият болуға және дереу хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру