Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді құрықтады

Жетісу полицейлері заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Матай – Құрақсу автожолында балық ресурстарын заңсыз тасымалдау дерегін анықтады.

Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 59,5 келі болатын әртүрлі балықтар, екі балық аулайтын тор, үрлемелі қайық және басқа да құралдар табылды.

Құқық бұзушылардың үшеуі Қаратал ауданының, ал біреуі облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция табиғатқа ұқыпты қарауға және балық пен басқа да су жануарларын аулау ережелерін сақтауға шақырады. Бұзушыларға мүлкі тәркілеу мен үш жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру