Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері жеке күзет қызметімен бірге ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асырды

Жетісу полицейлері жеке күзет қызметімен бірге ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасы ҚР ІІМ және Жетісу облысы ПД-ның 2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы шеңберінде ПД күзет қызметін бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Б. Ахметовамен бірлесіп «Арлан К», «Күзет Моторос», «Жедел сақшы», «Жедел күзет, «Эвбика» және «К Alarm» ЖШС басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

– ҚР ІІМ әзірлейтін қоғаммен серіктестікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы – құқық бұзушылықтың алғышарттарын жою бойынша кешенді жұмыс стратегиясы айқындалған бағдарламалық құжат. Біздің жағдайда азаматтардың, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сақтауға бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша полиция мен жеке күзет ұйымдарының өзара іс-қимылын үйлестіру маңызды, – деп атап өтті ПД КПБ бөлімінің бастығы Серік Демеуов.

Жұмыс кездесуі барысында дабыл іске қосылғаннан кейін объектілерді сапалы қарап, тексеру жүргізу туралы күзет қызметіне бірнеше рет мәліметтер жеткізілді.

Сондай-ақ «GSM» стандартының ұялы байланысы, шу дабылы және басқа да қолжетімді құрылғылар арқылы жұмыс істейтін сымсыз қауіпсіздік жүйелерін барлық меншік объектілеріне орнату қажеттілігі, сондай-ақ профилактикалық жұмыста жаңа тәсілдерді әзірлеу туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру