Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кездесуі өтті

Жетісу полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 28 мамырында Тәлімгерлер кеңесінің департамент басшылығы және жеке құраммен есептік кездесуі өтті. Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Талдықорған ҚПБ бұрынғы бастығы Ерлан Сансызбаев кеңестің 4 ай ішінде атқарған жұмысы туралы баяндады.

–Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік жас және жаңадан келген полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырудың маңызды нысаны. Үлкен қызметтік және өмірлік тәжірибесі бар, жоғары кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қасиеттеріне ие тәлімгер, әдетте, жас қызметкерлер үшін үлгі болып табылады, – деп атап өтті тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Сансызбаев.

Отырыста екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары талқыланды. Кездесу соңында тәлімгерлер байқауының жеңімпазы Руслан Сағындықов департамент басшылығының атынан “Үздік тәлімгер” вымпелімен марапатталды.

– Ардагерлердің білімі, даналығы мен бай өмірлік тәжірибесі жас офицерлерді патриоттық тәрбиелеу үшін бүгінгі таңда маңызды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Омаров Мадияр.

Полиция ардагерлері екінші жартыжылдыққа арналған жоспарды ынтамен қабылдап, өздеріне ыстық ведомствоның дамуы мен жетілу жолындағы жәрдемге дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру