Жетісу полициясы кабель ұрлаған ер адамды анықтады
Жетісу полициясы кабель ұрлаған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Дерек Панфилов ауданында тіркелді. 13 қараша күні Дарбазақұм ауылында белгісіз адамдар телефон қосалқы станциясының мұнарасынан мыс кабель ұрлап кеткен. 30 метрден астам кабельдің шығын көлемін жәбірленушілер 327 мың теңгеге бағалаған.
Күдікті 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адамды ауылдың учаскелік инспекторы Айдос Қоқымбаев анықтап, ұстады. Полиция қызметкері сол ауылдық округте тұрып, жұмыс істейді. Ұсталған азамат аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, кінәсін мойындады. Күдікті кабельден қымбат мыс алмақ болып ұрланған мүлікті өртеп үлгерген.
Тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша жүргізілуде.