Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы жастар мен ересектер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуде

Жетісу полициясы жастар мен ересектер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері өңірдің бірқатар аудандарында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шаралардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және түрлі қоғамдық институттар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту.

Сарқан ауданында ішімдікке әуес адамдармен және пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен жұмыстар ұйымдастырылды. Оларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Сарқан ауданы мектептерінің оқушылары үшін уақытша ұстау изоляторына экскурсия ұйымдастырылды. Жасөспірімдер заң бұзушылықтың салдарын өз көздерімен көріп, құқықтық тәртіпті сақтау қажеттігін түсінді.

Сондай-ақ ауданның он мектебінің директорлары, ұстаздары мен менторларының қатысуымен кездесу өтті. Жиында жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселелері талқыланып, білім беру мекемелері мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша жұмыс бағыттары ұсынылды.

“Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Мәдениет үйінің қызметкерлерімен, Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің жұмысшыларымен және Екіаша шекара бекетінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың салдары, заңнаманың осы саладағы қатаңдатылған талаптары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша да жұмыс жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын арттыруға, қылмыстардың алдын алуға және полиция мен өңірдегі түрлі мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Жетісу облысында қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осындай профилактикалық іс-шараларды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру