Жетісу спортшылары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады
Жетісу спортшылары Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді, онда Жетісу спортшылары бес лицензия жеңіп алып, еліміздегі лицензиялар саны жағынан көшбасшылардың біріне айналып Қазақстанның намысын қорғайды.
Садақ атудан Жетісу спортшылары үш жеке лицензия (Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко) және бір жалпы командалық жолдама жеңіп алды. Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан жеке жолдама алды.
– Олимпиадалық жолдама алған үш садақшы “Динамо” дене-шынықтыру спорт қоғамы бірлестігінің мүшелері. Талдықорған қаласында тұратын халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ильфат Абдуллин Токио – 2020 Олимпиадасына қатысып, әлемнің үздік садақшылары ондығына енді. Азия кубогы мен Азия чемпионатының қатысушысы әрі жүлдегері Қарабұлақ ауылының тумасы Дәулеткелді Жаңбырбай да халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің қатысушысы Талдықорғандық Александр Еременко да Олимпиада құрамасына қосылды, – деп атап өтті полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов.
Ал велошабандоз Евгений Федоров тас жолдағы велоспортта Жетісудың намысын қорғайды. Спортшылар қазіргі уақытта Талдықорғандағы оқу-жаттығу жиындарында, 8 шілдеде Парижге ұшуға дайындалуда.
Бұл спортшылар өз өңірін халықаралық деңгейде даңқын шығарып қана қоймай, қажырлы еңбек пен адалдықтың Олимпиадалық биіктерге жетелейтінін жастарға үлгі етуде.