Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу тауларында алтын кенін өндірумен айналысқан “қара іздеушілер” ұсталды

Жетісу тауларында алтын кенін өндірумен айналысқан “қара іздеушілер” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Дерек Ақсу ауданында тіркелді, онда 1 қазан күні Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер “қара іздеушілер” бригадасын ұстады. Бригада Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан аудандық полиция бөліміне жеткізілген алты ер адамнан тұрды.

Күдіктілер алтын кенін өндірумен айналысқан деп болжануда. Ұсталғандар өз қызметіне қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Тәртіп сақшылары кудіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатыр тәркіледі.

– Қазылған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Қазіргі кезде дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды және қылмыстық тергеу қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша жүргізіледі, – деді Жетісу облысы ПД Табиғатты қорғау басқармасвның аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру