Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу тұрғындарына 1500-ден астам ақпараттық жадынама тартылды

Жетісуда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды профилактикалық акция өткізді. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары азаматтар көп шоғырланатын орындарда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Атап айтқанда, коммуналдық базарларда, сауда үйлерінде, қоғамдық орындарда, көшелер мен арбаттарда тұрғындарға ақпарат беріліп, кең көлемде қамту қамтамасыз етілді. Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, кең таралған алдау тәсілдері, сондай-ақ жеке деректерді үшінші тұлғаларға берудің салдары жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе банк қызметкері, полиция қызметкері, қауіпсіздік қызметі ретінде қоңырау шалатын алаяқтар, онлайн сатып алу кезіндегі алдау, жалған хабарландырулар мен күмәнді сілтемелер арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Акция барысында тұрғындарға пайдалы кеңестер мен күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар жағдайында қандай әрекет жасау керектігі көрсетілген 1500-ден астам ақпараттық брошюра таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру