Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды
Жетісуда 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 кг балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.
– Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық анықталды. Алдын ала залал 2 800 000 теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр, – деп атап өтті табиғатты қорғау полициясының бастығы Ринат Парманов.
Өңір полициясы Жетісу тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.