Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда "Ауладағы қабылдау" акциясы жалғасып жатыр

Жетісуда "Ауладағы қабылдау" акциясы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусымнан бастап Жетісу облысында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ауладағы қабылдау" акциясы өтуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – құқық қорғау органдары мен халық арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың сенімін арттыру және күнделікті тұрмыста туындайтын мәселелерге жедел әрекет ету.

Акция аясында учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық және тұрмыстық бағытта кеңестер беруде. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға нақты көмек көрсету шаралары қарастырылуда. Инспекторлар өздеріне бекітілген аумақта қоғамдық тәртіп пен тазалықтың сақталуын да назарда ұстап отыр.

Азаматтарға құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар бейресми жағдайда көкейлерінде жүрген мәселелерін еркін көтеріп, мамандардан нақты әрі кәсіби жауап алуға мүмкіндік табуда.

Акция 23 маусымға дейін жалғасып, облыстың барлық ауданын қамтитын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру