Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған ашық есік күні өтті

Жетісуда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Жетісу облысы психикалық денсаулық орталығында Талдықорған Индустрия және жаңа технологиялар колледжінің студенттері үшін “Өз көзіңмен барлығын көру” атты ашық есік күні өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мұғалімдер мен студенттерді орталық жұмысымен таныстыру.

Келген қонақтарға уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына, сондай-ақ нашақорлар оңалтудан өтетін бөлімшелерге экскурсия ұйымдастырылды. Наркологиялық қызмет мамандары студенттер арасында есірткі қолданудың қауіпті факторларын анықтау мақсатында жасырын сауалнама жүргізді. Осыдан кейін есірткіні қолданудың салдары бейнеленген бейнеролик көрсетілді.

– Түсінікті болу үшін нашақорлықпен ауыратын науқас өзінің ауру тарихымен бөлісуге және есірткіні қолданудың ауыр зардаптары туралы айту үшін шақырылды, – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, мамандардан жан-жақты жауаптар алды.

Экскурсия соңында нарколог-дәрігерлер, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және білім басқармасының бөлім басшысымен бірге дәріс оқыды. Олар сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу бойынша викторина мен пікір-сайыс ұйымдастырып, нашақорлық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесіне назар аударды. 

Іс-шарада студенттердің психикалық денсаулық орталығының жұмысы туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар нашақорлықтың алдын алудың, жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын, құқықтық тәртіпті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру