Жетісуда нашақорлықпен күрес бойынша қоғаммен өзара іс-қимыл кеңесі құрылды
Жетісу облысы полиция департаментінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кеңесінің жұмысын бастауға арналған кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.Кеңестің басты міндеті – нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, заңға бағынушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жастарды есірткіге қарсы күреске кеңінен тарту.
Кеңес құрамына жастар саясаты басқармасының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, танымал спортшылар, медиалық тұлғалар, сарапшылар, танымал блогерлер мен қоғам қайраткерлері енді. Олар есірткіге қарсы іс-шараларға белсене қатысып, салауатты өмір салты идеяларын ілгерілетуде.
Кездесуге мемлекеттік органдардың 11 өкілі, сондай-ақ "Қос қанат" ҮЕҰ, "Делай добро" қоғамдық бірлестігі және бір блогер қатысты.
Жиын барысында ІІМ жанындағы республикалық есірткі қылмысының алдын алу кеңесі туралы бейнеролик көрсетілді. Осы тәжірибе Жетісу өңірінің ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті кеңестің жұмысына негіз болады.
Қоғаммен өзара іс-қимыл кеңесінің құрылуы – есірткі қылмысымен күресте маңызды қадам. Оның қызметі алдын алу шараларын күшейтуге және әсіресе жастарды есірткіге қарсы қозғалысқа тартуға бағытталған.