Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда нашақорлыққа қарсы шығармашылық акция өтті

Жетісуда нашақорлыққа қарсы шығармашылық акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, Жетісу облыстық полиция департаменті мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда "Біз есірткіге қарсымыз" атты облыстық акция өтті. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналды.

Акция аясында "Есірткісіз әлем" атты бишілер байқауы және "Ән қанатында" атты әншілер байқауы ұйымдастырылды. Бишілер сайысына 8-15 жас аралығындағы жасөспірімдер, ал ән байқауына 15-30 жас аралығындағы жас орындаушылар қатысты.

Байқау жеңімпаздарына Жетісу облысы полиция департаментінің атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар бұл шара жастарды салауатты өмірге үндейтін маңызды қадам екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру