Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Жетісу облысы полиция департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара Ішкі істер органдарында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Департамент басшылығы, басқармалар мен бөлімдер жетекшілері ескерткіш алдына сап түзеп, ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін қызмет бабында қаза тапқан сақшылар рухына тағзым ретінде ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров жиналған жеке құрам мен ардагерлерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, бұл күндердің тарихи әрі тәрбиелік мәніне тоқталды.

Салтанатты іс-шара барысында қызметте ерекше көзге түскен полицейлер ҚР Ішкі істер министрлігі мен полиция департаментінің бұйрығымен алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталып, марапатталды.

Мерекелік жиын барысында Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ерік Болатаев сөз алып, әріптестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ардагерлер кеңесінің атынан бірқатар қызметкерлерге марапаттар табысталды.

Салтанатты іс-шара жеке құрамның оркестр сүйемелдеуімен өткен саптық шеруімен қорытындыланды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру