Жетісуда ПД басшылығы тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтады
Жетісуда ПД басшылығы тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік күнге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзетіп, тәулік бойы қызметте жүрген тәртіп сақшыларына ерекше алғыс пен қолдау сөздері айтылды. Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров кезекшілік қызметінде жүрген қызметкерлерді арнайы құттықтады.
Мадияр Омаров өз сөзінде әрбір қызметкердің ел алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.
- Сіздердің еңбектеріңіз – құрметке лайық. Мереке күндері де азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз міндеттеріңізді мінсіз атқарып келесіздер. Ерлігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз әрқашан жоғары бағалансын, – деді ол.
Полиция – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – әрдайым сергектік пен табандылықты, кез келген сәтте әрекет етуге дайын болуды талап ететін өмір салты. Осы айтулы күні басшылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып жүрген тәртіп сақшыларына шынайы ризашылық білдірді.