Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер алаяқтарға алданған зейнеткерге ақшасын қайтарып берді

Кербұлақ ауданында полицейлер интернет-алаяқтардың қолына түскен 800 мың теңгені зейнеткерге қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық полиция бөліміне 64 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданды. Қарияның сөзінше, ол табыс табамын деп интернет арқылы акция сатып алған, алайда соның салдарынан 800 мың теңгесінен айырылып қалды.

Аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Мәдина Төлеміс заң аясында жедел шаралар қабылдап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында ақша алған адамның жеке басы анықталды.

Полицейлердің жедел және кәсіби іс-қимылының арқасында жәбірленушінің ақшасы толықтай қайтарылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мұндай жағдайлар азаматтарға кез келген онлайн-сатып алу немесе инвестиция кезінде сақ болудың маңыздылығын еске салады. Полиция қызметкерлері күмәнді сайттар мен жарнамаларға сенбеуге, ал аз да болса күдік туындаған жағдайда ішкі істер органдарына жүгінуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру