Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті

Жетісу полицейлері Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Іс-шараны ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров ашып, әрбір қазақстандықтың жүрегінде Мемлекеттік рәміздердің орны ерекше екенін атап өтті. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, Әнұран орындалды.

Мерекелік жиын аясында қызметтік міндетін адал атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің медальдарымен, алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы еңбегі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық сайыстарда жүлделі орын алған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы Жетісу облысының үшінші спартакиадасында үздік нәтиже көрсеткен департамент өкілдері де марапатқа ие болды.

Мұндай шаралар полиция қызметкерлерінің рухын көтеріп, елге адал қызмет етуге деген ынтасын арттырады. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет — нағыз патриотизмнің белгісі, Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру