Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер жастармен есірткі қылмысының алдын алу бойынша кездесу өткізді

Талдықорғанда жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында "Дұрыс таңдау – сенің болашағың" атты кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшелері бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу "Ашық микрофон" форматында өтіп, Талдықорған қаласындағы колледж студенттерін қамтыды.

Басқосудың басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы сананы қалыптастыру, заңсыз айналым мен тұтынудың қауіптілігін түсіндіру және есірткі қылмыстарының алдын алу болды.

Кездесудің ерекшелігі – есірткі тарату фактісі бойынша бұрын сотталған, бүгінде ерікті ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген азаматшаның қатысуы еді. Ол студенттермен өз өмірінен алынған шынайы оқиғалармен бөлісіп, бір сәттік қателіктің бүкіл өмірге әсер ететінін ашық айтты. Бұл әңгіме жастардың ойына түрткі болып, өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға ықпал етті.

Сондай-ақ студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Мамандар есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін заңда көзделген қатаң жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.

Кеңес мүшелері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және заңсыз әрекеттерге жоламауға шақырды.

Кездесуге 250-ден астам студент қатысып, өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын сезініп, дұрыс таңдау жасаудың өмірлік мәнін ұғынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру