Жетісуда полицейлер жүргізушілермен профилактикалық кездесу өткізді
Жетісуда полицейлер жүргізушілермен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы көлік саласындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Іс-шараға такси және автобус жүргізушілері, автовокзал диспетчерлері мен жүк көлігінің жүргізушілері қатысты.
Полицейлер қатысушыларға тыйым салынған заттарды, соның ішінде есірткілер мен олардың аналогтарын тасымалдауға жол берілмейтіні туралы ескертті. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің мұндай құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастыратыны жан-жақты түсіндірілді.
Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, есірткі заттарының көлік желілері арқылы заңсыз айналымға түсу қаупін азайтуға бағытталған.
— Заң әр азаматқа түсінікті болуы тиіс. Сонда ғана қоғамда тәртіп орнайды, — деп атап өтті департамент мамандары.