Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полиция инновациялық "Megacam.Bodycam" қосымшасын енгізуде

Жетісуда полиция инновациялық "Megacam.Bodycam" қосымшасын енгізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік цифрландыру саясатын іске асыру және құқық қорғау органдарының қызмет тиімділігін арттыру мақсатында Жетісу облысының полиция департаменті облыс әкімдігінің қолдауымен мобильді құрылғыларға арналған "Megacam.Bodycam" қосымшасын енгізуде.

Бұл заманауи мобильді қосымша полиция қызметкерлерінің қызмет атқару кезінде ашықтықты, жеделдікті және қауіпсіздікті айтарлықтай арттыруға бағытталған. "Megacam.Bodycam" — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмыс үдерістерін цифрлық форматта автоматтандыруға арналған платформа. Жүйе оқиғаларды онлайн тіркеуге және деректерді бір уақытта беруге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларды құжаттауға, сондай-ақ даулы жағдайларды қарау барысында дәлелдік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — қызметтік жұмысты онлайн-мониторинг жүргізу мүмкіндігі. Бөлім басшылығы нақты уақыт режимінде қызметкерлердің қозғалыс бағытын, орналасқан жерін және көрсетілетін қызмет сапасын бақылап отыра алады. Бұл өз кезегінде тәртіп деңгейін арттыруға, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану жағдайларын болдырмауға және даулар кезінде объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Megacam.Bodycam" қосымшасын қолдану азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтады, өйткені әрбір тіркелген жағдай цифрлық түрде расталады. Осылайша, инновациялық технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және азаматтардың құқықтарын қорғауда сенімді құралға айналуда.

Аталған жүйені енгізу ішкі істер органдарының жұмысын жаңғырту, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыру жолындағы маңызды қадам болмақ. Жетісу облысының полиция департаменті өңір тұрғындарының қауіпсіздігін, қолайлылығын және сенімін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуді жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру