Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полиция мен күзет ұйымдарының кездесуі өтті

Жетісуда полиция мен күзет ұйымдарының кездесуі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінде жергілікті полиция басқармасының өкілі, күзет қызметін бақылау тобының өкілдері, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармаларының қызметкерлері жеке күзет құрылымдарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында өтті.

Басты талқыланған тақырып — балалардың қауіпсіздігі, атап айтқанда өңірдегі білім беру мекемелерінде қауіпсіз жағдай жасау мәселесі болды. Қатысушылар бұл мәселе полиция мен жеке күзет ұйымдарының бірлескен жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар жиында антитеррорлық қорғаныс және жауапты қызметтердің үздіксіз жедел байланысын қамтамасыз ету, әсіресе облыстың шалғай аудандарында, мәселелеріне назар аударылды. Мұндай шаралар туындаған жағдайларға жедел әрекет етуге және ықтимал қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде құқық қорғау органдарына белсенді көмек көрсетіп жүрген бірқатар күзет компаниялары полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Полиция департаментінің басшылығы полиция мен жеке күзет құрылымдарының өзара іс-қимылы Жетісу облысы тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын, ал осындай кездесулер серіктестік қатынастарды нығайтып, өңірдегі құқықтық тәртіп деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру