Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар барысында Жетісу облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы басым міндеттер талқыланды.

Кездесу кезінде қызметті ұйымдастыруды жетілдіру, тәртіп пен заңдылықты нығайту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге жедел ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары полиция департаментінің мұражайын аралап, өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасу және даму тарихымен танысты. Сапар барысында Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша полиция бөлімшелерінің қызметін одан әрі жетілдіруге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру