Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда "Полиция тазалық үшін" экологиялық акциясы өтті

Жетісуда "Полиция тазалық үшін" атты экологиялық акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы блогерлер мен эко-активистерді жұмылдыра отырып, "Полиция тазалық үшін" атты ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға үндеу тастап, жұртшылықты экологиялық мәдениетті арттыру мен жауапкершілікке шақыруды мақсат етті.

Рейд барысында елді мекендер аумағында санитарлық нормаларды бұзу және рұқсатсыз қоқыс төгу деректері тіркелді. Нәтижесінде, бір ғана күн ішінде төрт стихиялық қоқыс үйіндісі анықталып, тиісті шаралар қолға алынды.

Сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзған және қоғамдық орындарды ластаған 87 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері табиғатты аялау – әр азаматтың борышы екенін ескертеді. Қоқысты бейберекет тастау – бұл тек қоршаған ортаның көркін бұзу ғана емес, сонымен қатар табиғатқа, адам денсаулығына және келер ұрпақтың амандығына төнетін қауіп. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру