Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды профилактикалық іс-шарасы өтуде

Жетісуда “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды профилактикалық іс-шарасы өтуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 26–28 тамызы аралығында Жетісу облысында полиция қызметкерлері республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстың алдын алу.

Іс-шараның екі күнінде облыс аумағында 18 қылмыс тіркеліп, оның 12-сі тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар полицейлер бұрын жасалған 8 қылмысты ашып, жәбірленушілер үшін әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал етті.

Талдықорғанда өткізілген іс-шаралар барысында екі іздеуде жүрген адам ұсталды. “Заңсыз келуші” жедел алдын алу жұмыстары аясында ел аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы анықталып, құрықталды.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін 6 азамат ұсталып, олардың қолынан шамамен 20 келі есірткі тәркіленді.

Бұдан бөлек, облыс көлемінде 1098 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу шаралары ретінде 57 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды, бір жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Сондай-ақ азаматтарды сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп, 13 адам дактилоскопиядан өтіп, фото-бейнетіркеуге алынды.

Жетісу облысының полициясы мұндай іс-шаралар құқықтық тәртіпті нығайтып қана қоймай, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру