Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда сот актілерін орындамау мәселесі талқыланды

Жетісу облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің төрағалығымен "Сот актілерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың сот-тергеу тәжірибесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Жетісу облысы әділет департаментінің бөлім бастығы Айдархан Ешенов, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жетекші маманы Алмас Игенбаев және жеке сот орындаушысы Гүлдана Муратбекова қатысты. Сонымен қатар қала және аудандық полиция бөліністері басшыларының тергеу жөніндегі орынбасарлары мен анықтау қызметкерлері жиынға бейнебайланыс арқылы қосылды.

Дөңгелек үстел өткізуге себеп болған негізгі мәселе — борышкерлердің сот шешімін орындамауына байланысты тұрғындардың полицияға жиі шағымдануы. Жиын барысында осы мәселенің алдын алу жолдары мен сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдері талқыланды.

Осы жылдың басынан бері облыс аумағында ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 8 іс, ал 430-бабы бойынша 5 қылмыстық іс тіркелген.

Жиын соңында тараптар құқық қорғау, әділет және атқарушылық өндіріс органдары арасындағы үйлесімді жұмысты арттыру қажеттігін атап өтті. Сот шешімдерінің орындалуы — заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші, ал оны елемеу жауапкершілікке әкеп соқтыратыны тағы бір мәрте ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру