Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда "Театр – тәрбиенің бастауы" атты театр байқауы өтті

Жетісуда "Театр – тәрбиенің бастауы" атты театр байқауы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында жарияланған айлық шеңберінде, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Білім басқармасы мен полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында "Театр – тәрбиенің бастауы" атты облыстық театрландырылған қойылымдар байқауын ұйымдастырды.

Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары қатысып, бес өзекті тақырып бойынша сахналық қойылымдарын ұсынды: "Есірткіге жол жоқ", "Жасөспірімдер арасындағы буллинг", "Ұстазын құрметтеген ұрпақтың үні", "Ата-ана, оқушы және мұғалім" және "Менің арманым". Жас өнерпаздар сахна тілі арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, көрермендерге ой салды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады. Бұл байқау – жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытуға, тәрбиелік құндылықтарды насихаттауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру