Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда жаңа оқу жылына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Жетісуда жаңа оқу жылына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция департаментінде өңірлік білім басқармасының және бейнеконференция арқылы қосылған аудандық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесудің басты тақырыбы – балалардың қауіпсіздігі. Бұл ең өзекті міндеттердің бірі болып саналады. Полиция мен білім беру ұйымдарының бірлескен кешенді шаралары оқушылардың қатысуымен орын алуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алуға және олардың қауіпсіз білім алуына жағдай жасауға бағытталған.

Кеңес барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мектептердің маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ білім беру мекемелерін заманауи күзет және дабыл құралдарымен жабдықтау мәселелері қаралды.

Ерекше көңіл полиция, педагогтар және ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылға бөлінді. Мұндай тәсіл ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтап, олардың алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Жұмыс кездесуі жаңа оқу жылына дайындықтағы маңызды қадамға айналып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамның құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімін нығайтуға ортақ ұстанымды айқындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру