Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру сабақтары ұйымдастырылды

Талдықорған құрылыс колледжінде Жетісу облысы полиция департаментінің анықтау басқармасы студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік және адам құқықтарының негізгі қағидаттары туралы жан-жақты түсіндірді. Буллингпен күрес, киберқылмыстың алдын алу және зиянды әдеттерден сақтану сынды өзекті тақырыптар талқыланып, жастардың назарына ұсынылды. Лекторлар құқықтық білімнің маңыздылығын ерекше атап өтіп, заңды білу жасөспірімдерге қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретінін айтты.

Іс-шара интерактивті форматта өтті. Студенттер белсенді түрде талқылауға қатысып, өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойды. Бұл кездесу жастардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтып қана қоймай, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралына айналды.

Алдағы уақытта да студенттермен профилактикалық бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жастар арасындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету – құқық қорғау органдарының басты мақсаттарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру