Жезқазғанда алтын ұрлаған күдікті ұсталды
Жезқазған қаласында алтын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласында орын алған ұрлық фактісі бойынша жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталды.
Қала тұрғыны Жезқазған полиция басқармасына арызданып, белгісіз біреу үйдің қонақ бөлмесіндегі пластик терезесін майыстырып, заңсыз кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін айтқан. Арызданушының материалдық шығыны 4 млн теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, полиция қызметкерлері 50 жастағы қала тұрғынын анықтап, Жезқазған полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті өзіне тағылған айыптарды мойындап, тергеу барысында қылмыстық іс бойынша қажетті ақпараттарды берді.
Күдіктіден айғақты заттар алынды, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.