Жезқазғанда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті
Жезқазғанда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйекте Жезқазған қаласында есірткі заттарының таралуына қарсы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауқымды акция өтті. Ұлытау облыстық олиция департаменті, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, еріктілер, колледж студенттері және мектеп оқушыларынан құралған жүз елуге жүзге жуық адам қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – қала аумағында есірткі жарнамалары мен заңсыз граффитилерді жою.
Іс-шараға қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, облыс орталығында орналасқан тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қабырғаларында жазылған заңсыз граффитиді бояу жұмысына белсене атсалысты. Нәтижесінде бір күнде 100- ден астам жазулар мен жарнамалық суреттер жойылды.
– Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен сәуір айында заңсыз жарнама жасаған қала тұрғыны ұсталды. Ол облыс орталығында 40-тан астам заңсыз графиттимен айналысқаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданған, — деді Ұлытау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов.
Полиция мұндай іс-шаралардың есірткі қылмысына қарсы күрестің маңызды бөлігі болып табылатынын және қаланың көрнекі келбетін жақсартуға, сондай-ақ жастарды теріс ықпалдан қорғауға көмектесетінін атап өтті.
– Бұл іс-шара жастар үшін маңызды деп есептеймін. Осындай іс-шара арқылы біз жастарды есірткіден аулақ болуға, оның зияны жайлы әрдайым еске салып отырғанымыз жөн, — деді мектеп оқушысы Жанерке Жаңбырбай.
Жезқазған қаласында мұндай акция тұрақты түрде ұйымдастырылады. Полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері облыста есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде халық арасында профилактикалық 296 іс-шара өткізілді.