Жезқазғанда клиент такси жүргізушісін сыра бөтелкесімен ұрды
Жезқазғанда клиент такси жүргізушісін сыра бөтелкесімен ұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 50 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші таксист болып жұмыс істегенін айтты. Сағат 04.00 шамасында тағы бір клиент оның көлігіне отырған. Көрсетілген мекенжайға жеткен жүргізуші ер адамның көбікті сусын ішкенін байқап, оған ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде клиент такси жүргізушісінің шыны сыра бөтелкесімен басынан ұрып, көліктен шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.