Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті

Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 мамыр күні сағат 20.00 шамасында Жезқазған қаласы ПБ-ға Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. 23 жастағы автокөлік жүргізушісі мопед мінген 15 жастағы жасөспіріммен соқтығысқаны анықталды. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған бала түрлі ауырлықтағы жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтау керек екенін және ата-аналарға балаларға мопедтер мен жеңіл мотоциклдерді сеніп тапсырар алдында олардың санаттары мен рұқсат түрлерін назарға алу қажет екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру