Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда нашақорлыққа қарсы іс-шара өтті

Жезқазғанда нашақорлыққа қарсы іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған іс-шара өтті. Бұл атаулы күн 1987 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімімен бекітілген болатын. Бұл күн нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдары мен зардабына қоғамның назарын аудару арналған.

Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыс және қала әкімдігінің қолдауымен, қаладағы “Бірлік” еріктілер ұйымы, музыкалық және медициналық колледжі студенттері, облыстық филармония өнерпаздары және “Жастар” орталығының белсенділерімен бірлесіп іс-шара өткізді. Орталық саябақтағы сахнада өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден көрерменге шашу шашты.

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов бұл айтулы күннің маңыздылығына тоқталып, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Іс-шара барысында осы айтулы күнді атап өтуге ат салысқан мекеме өкілдеріне полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиевтің атынан алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру