Жезқазғанда ойын-сауық мекемелерінде қорқор пайдаланудың бірнеше дерегі анықталды
Жезқазғанда ойын-сауық мекемелерінде кальян пайдаланудың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін шегуге тыйым салу туралы заңнаманы бұзуды тоқтату мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Жезқазған полициясы ойын-сауық мекемелерінде кальян пайдаланудың бірнеше фактісін анықтады.
Әкімшілік жауапкершілікке 6 келуші және кальян шегуді ұйымдастырған немесе рұқсат берген мекемелердің 4 әкімшісі тартылды. Заң бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Барлық заң бұзушыға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 500 мың теңгені құрады. Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында 20 кальян тәркіленді.
Полиция азаматтарды шылым шегуге тыйым салу туралы заңнаманы сақтауға шақырады және мекеме иелеріне тиісті талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.